МӘМС: Атырауда 655 мың адам сақтандырылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 655 мың адам сақтандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Міндетті медициналық сақтандыру қоры» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлім етті.

«Соңғы дерекке сүйенсек, Атырау облысы тұрғындарының 94 пайызы сақтандырылып отыр. Бұл – 655 мыңнан астам адам. Ал, 39 мыңға жуық тұрғын әлі сақтандырылған жоқ. Сақтандырылған тұрғындардың ішінде 380 мың адам жеңілдікке ие болғандар қатарына жатады. Олар – зейнеткерлер, балалар мен жеңілдік санатын иеленгендер» деп хабарлады «Міндетті медициналық сақтандыру қоры» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Сәбит Құралбек.

Оның айтуынша, 2017 жылдың 1 шілдесінен биылғы наурызға дейін МӘМС қорына Атырау облысынан 17,7 миллиард теңге көлемінде жарна аударылды.


Соңғы жаңалықтар