МӘМС: Астаналықтар мамыр айында 3,4 млрд теңге жарна аударған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалықтар 2021 жыл басталғалы бері, яғни қаңтар-мамыр айларында медициналық сақтандыру үшін 16,1 млрд теңге жарна аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соның ішінде тек мамыр айында міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруға (МӘМС) 3,4 млрд теңгеден астам сома аударған.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 31 мамыры аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 74,4 млрд теңгені құрады.

«2021 жылдың мамыр айында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 3,4 млрд теңгеден аса жарна аударған. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымдары 1,6 млрд теңгеден асады, ал жеке кәсіпкерлерден 1,8 млрд теңге түскен. Сондай-ақ, осы жылдың 31 мамырындағы жағдай бойынша 6931 адам бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша МӘМС-ке жарна төлеген.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Қазақстандықтар туындаған кез келген сұрақ бойынша кері байланыс арналары арқылы хабарласа алады:

Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы
- @saqtandyrybot телеграмботы
- 1406 байланыс орталығы
- Қордың fms.kz сайты


Соңғы жаңалықтар