+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Мамин «Nur Otan» бағдарламасының нысаналы индикаторларының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды

2021 жылғы 27 қыркүйек 14:26
Бөлісіңіз:
Мамин «Nur Otan» бағдарламасының нысаналы индикаторларының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Вице-премьер Роман Скляр жұмыс сапарымен Сеулде жүр

Мәдениет пен білім беруді дамыту мәселелері қаралды. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында 2025 жылға қарай 1500 мәдениет нысанын салу және жөндеу бойынша алға қойылған міндеттерді іске асыру барысы туралы баяндады.

Биыл 89 мәдениет нысанын салып, 211 нысанды жөндеу көзделген. Қазақстандықтар мен шетелдік туристер арасында танымал ету мақсатында Түркістан және Атырау облыстарындағы республикалық музей-қорықтардың аумақтарында «Ордабасы» және «Сарайшық» визит-орталықтарын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәдениет нысандарын салу кестесін іске асыру бойынша жұмыс барысы туралы өңір әкімдері баяндады.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда 5000 мектеп жаңғыртылатынын баяндады.

Биыл 1015 мектепті жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, оған күрделі және ағымдағы жөндеу, пән кабинеттерін жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, мектеп кітапханалары мен асханаларын дамыту, қауіпсіз жағдайлар жасау сияқты бағыттар кіреді. Бұл ретте мектептердің 80%-ында физика, химия және биология пәндері кабинеттері ашылады. Петропавл және Шымкент қалаларында базасында Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша озық өңірлік жоғары оқу орындары құрылатын университеттер айқындалды.

Осылайша, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында қазіргі таңда Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі (Назарбаев Университетінің басқаруымен) және Технология және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі (АҚШ Аризона университетінің басқаруымен) құрылды. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында даярлаудың келесі бағыттары анықталды: химиялық инженерия және биотехнология, тоқыма және тамақ инженериясы, ақпараттық технологиялар және энергетика, сәулет, құрылыс және көлік. Премьер-Министр «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру бойынша биылғы жылға белгіленген нысаналы индикаторлардың орындалуына қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыруда жүйелі жұмысты жалғастыру қажет. Партияның халық алдындағы барлық міндеттемелері уақытылы орындалуы тиіс», — деді А. Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT