Мамин: Наурыздың соңына дейін шекарадағы заңсыз тауар айналымына қарсы тәсілдер әзірленсін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көршілес елдер арасында кедендік статистикадағы алшақтық мәселесі әлі шешілген жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, декларациялау және көршілес елдер арасында кедендік статистикадағы алшақтық мәселесі әлі де шешілген жоқ.

«Сондықтан, Мемлекет басшысы тапсырмасы аясында Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, наурыз айының соңына дейін шекарада заңсыз тауар айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары бойынша тәсілдерді әзірлеп, Үкіметке енгізсін»,- деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар