Мамин «Қорғас» экономикалық аймағындағы нысандардың жұмысымен танысады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин келеді. Бір күндік сапары барысында бірінші вице-премьер Талдықорған қаласындағы және «Қорғас» ЕЭА-дағы бірқатар нысандардың жұмыс барысымен танысады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұмыс кестесіне сəйкес алдымен күрделі жөндеуден  өткен «Жетісу» әуежайының жұмысымен танысады. Аталған нысанның жалпы аумағы 41 га. Жылына орта есеппен  26 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетуге  қауқарлы. 

Сондай-ақ, Алматы-Өскемен тас жолы, Талдықорған қаласындағы оңтүстік-батыс аймағындағы көпқабатты тұрғын үйдің құрылысымен де танысады. Ал түстен кейін іссапар Панфилов ауданында жалғасады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар