+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Мамин АҚШ мемхатшысының орынбасарымен сауда-экономикалық мәселелерді талқылады

2019 жылғы 20 тамыз 19:01
Бөлісіңіз:
Мамин АҚШ мемхатшысының орынбасарымен сауда-экономикалық мәселелерді талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласына Орталық Азия мен АҚШ елдері арасындағы диалогты дамыту жөніндегі «С5+1» отырысына қатысуға ресми сапармен келген АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хэйлмен келіссөздер өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді Асқар Мамин түркиялық бизнесмендермен кездесті Үкімет басшысы еліміздің батысына инвестиция тарту жөнінде селекторлық кеңес өткізді

Тараптар 2018 жылы АҚШ-қа ресми сапар аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. АҚШ — Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі. 2005 жылдан 2018 жыл аралығында АҚШ-тан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $40 млрд құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ҚР-ға америкалық инвестициялар жаңа рекорд орнатып, $5,3 млрд құрады. Биылғы қаңтар–маусым аралығында екі ел арасындағы тауар айналымы $1,1 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 31,8% жоғары.

Дэвид Хэйл Қазақстанның АҚШ инвесторлары үшін тартымдылығын атап өтті.

«Бізде экономикалық қатынастарды дамытудың үлкен әлеуеті бар», — деп Асқар Мамин, елдердің энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар, логистика, туризм, авиағарыш өнеркәсібі салаларында өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдете түсудің перспективаларын атап өтті. — Сіздің елімізге ресми сапарыңыз елдердің өзара іс-қимылын нығайтуға елеулі серпін береріне сенімдімін».

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT