Мәмиге жүгінгендердің көбісі жергілікті соттардың шешімдерімен келіспейтіндіктерін жеткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді.  

Қайрат Мәмидің қабылдауында республиканың бірнеше өңірінің тұрғындары болды.

Жоғарғы Сот Төрағасына жүгінгендердің көбісі жергілікті соттардың шығарған сот шешімдерімен келіспейтіндіктерін жеткізді. Осы азаматтарға заңнамаға сәйкес жоғары сот сатыларына шағым келтіру тәртібі түсіндірілді.

Жоғарғы Сот Төрағасының қабылдауында болғандар өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Соңғы жаңалықтар