+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Мамандар Наурыз мерекесінде тамақтан уланып қалмаудың жолдарын айтты

2019 жылғы 17 наурыз 23:50
Бөлісіңіз:
Мамандар Наурыз мерекесінде тамақтан уланып қалмаудың жолдарын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Наурыз мерекесі қарсаңында тамақтан уланып қалмаудың жолдары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мерекелік дастарқанды тамақтан улану оқиғасы бұзуы мүмкін. Осыған байланысты, мереке күндерінде тамақтан уланудың алдын алу үшін демалыста мынадай қағидаларды сақтау ұсынылады.

Мерекелік үстелген тағамдар дайындау кезінде оларды сақтау және пайдалану мерзімін сақтаңыздар, шикі және дайын тағамдарды бірге сақтауға жол бермеңіздер, ал сапасыздыққа аздаған күдік пайда болғанда, әсіресе өткен кештегі үстелден қалған тағамдарды пайдаланбау керек. Жеке гигиена қағидаларын және тазалықты сақтаңыздар.

Құс етінен жасалған, жұмыртқа қосылған дайын тағамдар, майонез және қаймақ қосылған салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдер (торттар, бәліштер) барынша үлкен қауіп төндіреді.

Әдетте қоғамдық тамақтану және сауда объектілері мереке күндері аспаздық және кремі бар кондитерлік өнімдерді үлкен мөлшерде дайындайды. Осы күндері сақтау және сату мерзімі қысқа түрлі салаттар, ет және балықтан дайындалған тіске басарлар, ет сілікпелері, құйма еттер, тауық етінен жасалған тағамдар және басқалары ең көп сұранысқа ие болады.

Осыған байланысты, тамақ өнімінің қауіпсіздігін және сапасын растайтын құжаттардың болуына, сондай-ақ оларды сату және сақтау жағдайларына назар аударуды сұраймыз.

Сондай-ақ мейрамханалар және дәмханалар басшыларының назарын Наурыз мейрамы күндері тамақтан уланудың алдын алу мәселелеріне көңіл аударамыз.

«Жалпы республикалық іс-шараларды өткізуге белсенді қатысқаны үшін және осымен бір мезгілде тамақтан улану мен ішек инфекцияларының алдын алу үшін қажетті санитарлық ережелердің орындалуын сұраймыз», - делінген комитеттің хабарламасында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT