Мамандар қарбызды тамызға дейін жемеуге кеңес береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарбыздар маусым айында саудаға түседі және олар сонысымен қауіпті. Бұл жағдайда нитраттармен улану мүмкіндігі артады.

Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінен хабарлады. «Ең жылдам» пісетін сұрыптардың өзі шілде айының соңына қарай піседі. Сондықтан қарбыздарды жеудің қолайлы уақыты - тамыз бен шілде айлары.

Департамент қызметкерлерінің айтуынша, қарбыз бен қауындарды таңдау кезінде қателеспес үшін ең бірінші неге көңіл аудару қажеттігін білу керек: Заңсыз ұйымдастырылған базарларда сауда жасамау; Бақшалық дақылдарды сатуға арналған орын қоршалған және күн сәулесінен, жауын-шашыннан қорғалуы тиіс; сату орны шатыр астында орналасуы керек; қарбыздар биіктігі кем дегенде 20 см арнайы сөрелерде сақталуы қажет; Қарбыздарды жолдың шетіндегі сауда орындарынан сатып алуға болмайды, өйткені оларға автокөлік газдарының құрамында болатын ауыр металдар тез жиналады; Кесілген қарбыздарды сатып алуға болмайды. Қарбызды пышақпен кескен кезде оның сыртқы бетіндегі лас заттар қарбыздың ішкі жұмсағына оңай өтеді; Қабығының бүтіндігіне көңіл аударыңыз, ол сызатсыз, жарықсыз, шұңқырсыз болу керек; Қарбыздарды тасымалдау кезінде көп лақтырады, содан пайда болған шұңқырлардағы қарбыздың жұмсағы ашып кетеді; Қарбызды кесер алдында оны ағынды сумен жақсылап жуу қажет; Кесілген қарбыз немесе қауынды тоңазытқышта 1 тәуліктен асырмай сақтау керек; Қарбызды қабығына дейін жемеңіз, себебі нитраттардың көп мөлшері қабығына жақын және түбіріне қарай жиналады; Сатушыдан өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұраңыз;

Қарбызбен уланудың бірінші белгілері: шаршау, бастың қатты ауыруы, жүрек айну, құсу және іштің өтуі. Кейбір жағдайларда дене қызуы көтеріледі, дірілдеу және буындардың сырқырауы орын алады.

Бір жасқа дейінгі балалар улануға бейім келеді. Бала емізетін аналарға қарбызды байқап жеу қажет.

Егер уланып қалсаңыз, тездетіп дәрігерге қаралыңыз. Дәрігер келгенге дейін көп мөлшерде су ішіп, құсуға тырысу керек.

Соңғы жаңалықтар