Мамандар ең көп сұранысқа ие 5 дәрігер мамандығын атады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінде бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Болашақ дәрігерлерге 3065 жұмыс орны ұсынылды.

Мамандардың айтуынша, 2016 жылғы ең көп сұранысқа ие мамандықтардың қатарына жалпы практика дәрігері, терапевтер, акушер-гинекологтар, анестезиолог, реаниматолог, балалар дәрігері кірген.

Мұндай қорытындыға республикадағы медициналық мекемелерден келетін өтінімдер айғақ болады.

Мәселен, қалалық медициналық мекемелерге 154 жалпы практика дәрігері керек болса, ауылда 147 маманның орны бос.

Қала жерде 140 терапевт маманы жетіспесе, ауылда 68 маман тапшы.

Әйелдер денсаулығына жауап беретін 124 маман қала мекемелеріне, 79 маман ауыл мекемелеріне керек. Қалада 140 анестезиолог, ауылда  44 маман жетіспейді.

Қалалық мекемелерде 114 балалар дәрігерінің, ауылда 38 дәрігердің орны бос.

Аймақтар бойынша ең көп сұраныс Алматы, Ақмола, Қостанай облыстарынан түсіп отыр.

Университет мамандарының  айтуынша, биыл оқу орнын 1700 маман бітіріп шығады. Биыл мемлекеттік органдардың кадрлар бойынша сұранысын толық өтеуге мүмкіндік болады.

Соңғы жаңалықтар