Мамандар елімізде тағамға қосылатын тұздың мөлшерін азайтуға кеңес берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда азық-түлік өнімдерінде тұздың мөлшері тым көп кездеседі. Оның салдарынан созылмалы аурулар асқынып отыр. Бұл туралы Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда тағамдарға тұз тым көп мөлшерде қосылады. Яғни Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған қауіпсіз деңгейден 4 есе жоғары болып тұр.

«Осының салдарынан артериялық гипертензия мен жүрек-қан тамыры ауруларының, II типті қант диабетінің және онкологиялық аурулардың кейбір түрлерінің өршуіне қатысты негізгі қауіп факторларының бірі болып отыр», - деді А. Әлназарова Сенаттағы Үкімет сағатында денсаулық сақтау мәселесін талқылау кезінде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұзды тағамға қосу деңгейін азайтуға қатысты белгілеген нұсқауына сәйкес, 2025 жылға қарай тұзды пайдалануды 30%-ға азайту қажет.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда нан және тоқаш өнімдеріндегі тұздың мөлшері төмендетілмек.


Соңғы жаңалықтар