+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Мамандар ел жолдарындағы қауіпсіздік деңгейін қалай арттыру керектігін талқылады

2021 жылғы 17 сәуір 17:28
Бөлісіңіз:
Мамандар ел жолдарындағы қауіпсіздік деңгейін қалай арттыру керектігін талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ІІМ-де Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «Қазавтожол» ұлттық компаниясының, еліміздің бірқатар салалық жоғары оқу орындарының өкілдерімен бірлесіп жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық семинар-кеңес өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Көлік комитеті «Semey Bus» ЖШС мәселесі туралы пікір білдірді Көлік комитеті елордалық автобустардағы SMS-төлемнің алынуына пікір білдірді Жол жүру тарифтері жақын арада көтерілмейді – Автокөлікшілер одағы

Автомобиль жолдарының қауіпсіздігін арттыру мақсатында ІІМ мамандары шетелдік озық тәжірибені зерттеп, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының жолдарында пилоттық жобаны іске қосуды ұсынды.

Озық техникалық шешімдер нақты жағдайларда тексеріліп, қазақстандық жолдардың ерекшеліктеріне бейімделетін болады. Олардың ішінде проекциялық және интеллектуалды жаяу жүргіншілер өткелдері, баламалы жол белгілері, соның ішінде 3D көлемді формат, интерактивті жол белгілері және т.б. бар. Семинарға қатысушылар жаңа бастаманы қолдады.

Ішкі істер органдарының статистикасы бойынша, ағымдағы жылдың 3 айында республикада 2 621 ЖКО орын алып, онда 363 адам қаза тауып, 3 605 адам жарақат алды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қаза болғандар саны 11,7% - ға өсті.

Жол-көлік оқиғаларының орын алу себептері жылдамдықты асырумен, қарсы жолаққа шығумен және жол қиылыстарынан өтумен байланысты жүргізушілердің көлік тәртібінің төмендігі болып отыр.

«Бүгінгі таңда елімізде 4,3 млн көлік құралы пайдаланылуда. Әрбір жүргізуші рульге отырып, өзін барынша қауіпсіз сезінгісі келеді. Біздің міндетіміз - оны қамтамасыз ету«, - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT