Мамандар Бәйдібекте су құбырында жыланның қалай пайда болғанын түсіндірді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Бәйдібек ауданы Боралдай ауылында ауыз су құбырынан шыққан жыланға қатысты «Бәйдібек-Су» мекемесінің мамандары түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандар оқиға орнында болып, зерделеу жұмыстарын жүргізген.

«Боралдай ауылының тұрғыны жеке ауласындағы су есептегіш құралын «Бәйдібек су» мекемесінің рұқсатынсыз және қай уақытта алып тастағаны белгісіз. Тексеру барысында және видеодан көрініп тұрғандай су есептегіш құралы болмағандықтан ашық тұрған су құбырына жылан басымен сырттан кіріп тұр. 17 шілде күні Боралдай елді мекенінің ауыз су жинайтын резервуары мен құбырларының суы толық төгіліп, бүгінгі күні «Бәйдібек су» мекемесі тарапынан залалсыздандыру (хлорлау) жұмысы жүріп жатыр», - дейді «Бәйдібек-Су» МКМ баспасөз хатшысы Абзал Әбдіназар.

Айта кетейік, бүгін таңертең Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы Боралдай ауылында ауыз су құбырынан жылан шыққанын жазған болатынбыз.


Видеодан алынған кадр


Соңғы жаңалықтар