Мамандандырылған ХҚО-лар жұмысында техникалық ақау туындады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысында техникалық ақау туындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

29 қыркүйекте мамандандырылған ХҚО-лар жұмысында техникалық ақау шықты. Соның салдарынан жүргізуші куәліктерін беру, жүргізуші куәлігін алғаш рет алушылар мен қосымша санат алушылар үшін қызметтер қолжетімсіз.

Сондай-ақ әзірге қазақстандықтар теориялық және практикалық емтихандарды тапсыра алмайды. Ал көлікті қайта тіркеуге қою және жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметтері қолжетімді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, ақауды жою және қызметті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сервис жұмысының қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланатын болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген корпорацияның ШҚО бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар