Мамандандырылған экспорттық компания құру қажет - А. Күрішбаев

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның  14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Мемлекеттік жеке меншік ұстанымы бойынша мамандандырылған экспорттық компания құру қажет. Бұл туралы бүгін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша өтіп жатқан республикалық кеңесте Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту стратегиялық маңызды сипаттағылардың бірі. Оның экспорттық бағыттың қарқынын дамытуға негізделгеніне тоқталған министр, қазіргі кезде астық сақтау мен тасымалдау инфрақұрылымының дамымауы мен артта қалуы экспорттық жеткізілімдердің қарқындылығына кері әсер етіп қана қоймай, өндірістің тежегіш факторы ретінде қалыптасып отырғанын айтып өтті.  «Осы ретте, қосымша элеваторлық қуаттардың құрылысы, теңіз терминалдары, сондай-ақ көліктік мүмкіндіктерді шешу керек. Осыған байланысты мемлекеттік жеке меншік ұстанымымен мамандандырылған экспорттық компанияны құру қажеттілігі туындап отыр. Бұл өз кезегінде экспортты жетілдіруге, сонымен бірге еліміздің астық ресурстарын  тиімді басқаруға мүмкіндік бермек», деді А. Күрішбаев.

Соңғы жаңалықтар