Мәлік Мырзалин ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәлік Мырзалинді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«ҚазАқпарат» ХАА оқырман назарына құжат мәтінін оқырман назарына ұсынады.

***

М.К. Мырзалинді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындау туралы

Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Ақмола облысының әкімі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2019 жылғы 19 наурыз

№ 881

Соңғы жаңалықтар