Мәлік Мырзалин Астана маңындағы елдімекендерді қалай дамытатынын айтты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық мәслихат депутаттарымен өткен есептік кездесуде аймақ басшысы Мәлік Мырзалин Көкшетау жəне Астана маңындағы елдімекендерді дамыту туралы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізгі жұмыс облыс орталығын қалпына келтіру жəне инфрақұрылым құрылысы бойынша жүргізілуде. Үстіміздегі жылы Көкшетауда жол айрығының құрылысы басталды. Бұл қала көшелеріндегі жүктемені азайтады. Бүгінгі таңда 73 тұрғын үй ауласында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса, 28 ойын алаңы орнатылды, 15 спорт алаңын салу жоспарда бар», - деп атап өтті М.Мырзалин.

Сонымен қатар, аймақ басшысы облыс орталығындағы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің маңында жаңа аллея және Станционный кентінде сквер салынатынын атап өтті. Тұрғын үй секторы да даму үстінде. «Сарыарқа», «Юбилейный» шағын аудандары және қаланың орталығы абаттандырылып жатыр. 

Астана қаласының маңындағы елдімекендерді дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл 28 елдімекенді дамыту үшін бөлінген қаржының көлемі 1,7 есеге артты.

«Елорданың іргесінде елдімекендер кезең кезеңімен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуде және электрмен жабдықтаудың жаңа желілері салынып жатыр. Сондай-ақ, үй аулалары мен көшелері жөнделуде», - деп толықтырды аймақ басшысы.

Соңғы жаңалықтар