Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығы мен Михаил Пономаревтің 95 жылдығына орай шаңғы марафоны өтті - Ақмола облысы (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданында Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығы мен Михаил Пономаревтің 95 жылдығына орай шаңғы марафоны өтті.

Осымен 27-ші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа Алматы, Көкшетау қалалары мен облыстың өзге аудандарынан келген 140 спортшы қатысты. Шаңғышылар 5, 10, 20 және 30 шақырым қашықтық бойынша бақ сынды. Олардың арасында Николай Чеботько, Эльмира Мутагарова сияқты танымал шаңғышылар да бар.

Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Марат Асқарұлы жиналғандарды құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.«Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында салауатты өмір салтын қалыптастыратын осындай шараларды ұйымдастыру бұл осы ұлы тұлғарға, атақты адамдарға құрмет, жастарымызға ізет», - деді өз сөзінде аудан әкімі.

Соңғы жаңалықтар