Мәлік Ғабдуллин туралы альбом-кітап жарық көрді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Кеңес Одағының батыры, академик, педагог, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен қызметі туралы альбом-кітап жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш кітаптың тұсаукесеріне шығармашылық және ғылыми интелегенция өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.

«Мәлік Ғабдуллин - қазақтың Оқжетпесі» атты жоғары сапалы иллюстрацияланған басылым 1000 дана тиражбен Алматы қаласында бастырылды. Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин өзінің құттықтау сөзінде атақты жерлесіміздің бірегей мұрасын кеңінен танытудың маңыздылығына назар аудартты.

Сонымен қатар, өңір басшысы келесі жылы Мәлік Ғабдуллин мұражайының экспозициялық залдарына реконструкциялау жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.
null 

М.Ғабдуллин өмірінің ең қызықты сәттерімен және фактілерімен «Алтын кітап» баспа үйінің директоры Вячеслав Титенев бөлісті.

«Мәлік Габдуллин нағыз отансүйгіш, патриот болды. Ол Отанымызды гүлдендіру жолында аянбай еңбек етті. Ер есімі - ел есінде. Оның есімі ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Кітапты құрастырушылар нағыз жарқын тұлға, талантты және ержүрек адамды көрсетуге тырысты. Мұнда ең үздік мәтіндер, үздік фотосуреттер мен үзінділер берілген», - деді ол.
null 

Сонымен қатар, жазушы, драматург, «Ақмола-Тіршілік» ЖШС басшысы Жабал Ерғалиев және М.Ғабдуллин мұражайының директоры Құдайберлі Мырзабек сөз сөйледі.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың жазында Көкшетауда Мәлік Ғабдуллин шығармаларының 11 томдығы басылып шығарылған болатын.

Соңғы жаңалықтар