Малиде жедел жәрдем көлігі минаға ұрынып, 6 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Малидің оңтүстігінде жедел жәрдем көлігі жолға қойылған минаға ұрынып, алты адам қаза тапқан. Бұл туралы сенбіде Reuters агенттігі елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ведомоство өкілінің мәліметіне қарағанда, жедел жәрдем автомобилі Йоросо қаласына аяғы ауыр әйелді әкеле жатқан.

Көлікте болған алты жолаушының бәрі де опат болды.

Болған оқиға үшін жауаптылар әзірге анықталған жоқ.


Соңғы жаңалықтар