Мали курортындағы арнайы операция кезінде 32 адам кепілдіктен босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мали астанасы маңындағы демалыс аймақтарының бірінде кепілдікке алынған 32 адамды арнайы қызмет өкілдері босатты. Бұл туралы ТАСС Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған дейін кепілдіктен босатылған 20 адам туралы айтылған болатын. Қарулы топ туристер демалуды ұнататын Бомако әуежайынан жақын жерде орналасқан Лагерь Кангаба деген атаумен белгілі туристік кешенге шабуылдаған болатын.

Баба Киссе аймағының Қауіпсіздік және азаматтық қорғаныс министрлігі ресми өкілінің мәліметінше, Мали мен Франция әскери құрылымдарынан жасақталған арнайы бөлімше әскерлері онда арнайы операциялар жүргізуде. «Жағдай қазір біздің бақылауымызда»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар