Мали астанасындағы лаңкестіктен қаза тапқандар арасында ресейліктер бар - РФ СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мали астанасындағы лаңкестік кезінде қаза тапқандардың арасында ресейлік азаматтар бар. Бұл туралы ТАСС агенттігіне РФ СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова хабарлады.

«20 қарашада Малидегі лаңкестік туралы ақпаратты алған соң ресейлік Елшілік бұл жағдайға бірден үн қатты», - деп атап өтті дипломат.

«Қаза тапқандардың арасында ресейлік азаматтардың бар-жоғын 21 қарашаның таңында растай аламыз. Адамдардың саны мен есімдері туралы шындыққа жанасатын ақпарат алынған соң, СІМ тиісті мәлімдеме жасайды», - деді ол. Еске салайық, қаруланған адамдар Мали астанасы Бамакодағы Radisson Blu қонақ үйіне шабуыл жасады. Онда 170 адам тұтқынға алынған.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Мали астанасы Бамакодағы Radisson Blu қонақ үйіндегі тұтқындар арасында қазақстандықтар болған жоқ, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінен.

Соңғы жаңалықтар