Малға арналған құлақ сырғалары өз елімізде шығарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен бірге ветеринарлық мақсаттағы бұйымдарды дайындауға маманданған «Бірыңғай шоғырландырушы орталық» ЖШС және ZTOWN Development қазақстандық өндірістік нысандарын аралады. Қонақтарға құлақ сырғалары өндірісінің толық циклы көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құлақ сырғалары - жануарларды таңбалау саласындағы қазіргі заманғы конструкция. Зауыттарға барған делегация өндіріс процесінде қолданылатын шикізат пен материалдардың сапасына, сондай-ақ сапаны бақылауды қамтамасыз етуге және белгіленген халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкестігіне қатысты көптеген мәселелерге қызығушылық танытты.

«Аграрлық ведомство үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру ерекшеліктерін білу маңызды, сонымен қатар ҚР АШМ бекіткен Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру ережесіне сәйкес, ондай құралдар мен бұйымдар ICAR жануарларды есепке алу жөніндегі халықаралық комитетте сертификатталуы тиіс»,- деді Г.Исаева.

Айта кетейік, 2018 жылы ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру үшін 15 883 452 дана құлақ сырғасы сатып алынды және жергілікті атқарушы органдарға берілді. Оның ішінде ІҚМ-3 166 416 дана; ҰММ-11 323 346 дана; түйелер - 42 546 дана; шошқалар - 1 351 144 дана.

Сатып алынған құлақ сырғалары 2018 жылы барлық ауыл шаруашылығы малының төлін 100 пайыз сәйкестендіруге мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар