Малдәрігерлік инспекцияның бас маманы пара алғаны үшін сотталды

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҚР АШМ шекарадағы және көліктегі мемлекеттік малдәрігерлік инспекциясы БҚО бойынша басқармасының бас маманы қызметін атқарған Н.Батықовқа қатысты қозғалған істі аяғына дейін жеткізді.

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Н.Батықов БҚО-ның Тасқала ауданы Семиглавый Мар стансасында пойызды тексеру кезінде жолаушылар И.Быдановтың қақталған жайынын, К.Кемелбекованың тоңазытылған сазан балығын көреді. Бұдан кейін Н.Батықов оларды жолсеріктердің купесіне алып келіп, бақылауға алынған жүкті заңсыз тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтып, Кемелбековадан пара талап еткен.

Әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін К.Кемелбековадан 3 мың теңге және 400 Ресей рублін алу үстінде Батықов қолға түскен болатын.

Тасқала аудандық соты ҚР ҚК 311-бабы 2-бөліміне сәйкес (пара алу) Н.Батықовты кінәлі деп тауып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан және бес жыл мерзімге дейін мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айыруға үкім етті.

Соңғы жаңалықтар