Малайзияның туристік операторлары Түркістанның көрнекті нысандарымен танысты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда малайзиялық туристік операторларға арналған ақпараттық тур өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы тарапынан өңірдің ішкі және сыртқы туризмін дамыту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.

«Басқарма «Sky Way» қазақстандық туроператорының қолдауымен Малайзияның 12 жетекші туристік операторларына арналған ақпараттық тур өткізді. Түркістан өңірінің туризмін дамытуға арналған шара аясында облыстың басты көрнекті нысандарына «Ұлы Жібек жолы» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды», делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар ақпараттық турдың өзара ынтымақтастықты кеңейтуге және Малайзиядан Қазақстанға туристерді тартуға қосымша серпін беретініне сенімді екендігін жеткізді.
null

Айта кетерлігі, биыл 27 ақпанда Куала-Лумпур қаласында «Қазақстан Республикасындағы жаңа бизнес мүмкіндіктері» форумы өткен. Сол форумда Түркістан облысының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы (MATTA) Малайзиялық туристік агенттіктер қауымдастығының Бас хатшысы Н.Вонгпен келісім жасасты.
null

Келісімге сәйкес, Малайзияның жетекші туристік компаниялары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін Қазақстанда, оның ішінде Түркістан облысында да ақпараттық тур ұйымдастырылып отыр.
null

Соңғы жаңалықтар