Малайзияның экс-премьері 45 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзия соты елдің бұрынғы премьері Наджиб Разакқа ақшаны жылыстатумен  және терроризмді қаржыландырумен  күрес туралы заңды бұзды деген айып тақты. Сондай-ақ  ол заңсыз жолмен табысқа кенеліп, мемлекеттік SRC International қорының 10 миллион доллардан астам қаржысын жаратқан, деп хабарлайды euronews.com.

Бұл қаражат Разактың жеке шотына аударылған. Бұдан басқа сот алқасы мемлекеттік айыптаушының істі Жоғарғы сотқа беру туралы талабын мақұлдады. Ал бұрынғы премьер өзінің жазықсыз екендігін мәлім етті.

Егер оған үш қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылатын болса, Разак 45 жылға бас бостандығынан айырылады.

Еске сала кетсек,бұрынғы премьерді шілденің басында құқық қорғау органдары билікті асыра пайдаланғаны үшін ұстаған болатын.

Бірақ сот оның қорғаушыларының  өтінішін қанағаттандырып, экс-премьерді  кепілмен босатқан еді.

Соңғы жаңалықтар