Малайзияның Air Asia әуе компаниясының ұшағымен байланыс үзіліп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әуе диспетчерлік қызметі Малайзияның Air Asia әуе компаниясының индонезиялық Сурабая қаласынан Сингапурге ұшып шыққан ұшағымен байланысты жоғалтып алған.

Бұл туралы индонезиялық БАҚ-қа сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Кейбір БАҚ-тың мәліметтерінше, әуе кемесінің ішінде 162 адам болған.

Ал Индонезияның Көлік министрлігі оның бортында 155 адамның болғандығы туралы хабарлайды. «Стрейтс таймс» газетінің электрондық нұсқасындағы мәліметтерге сүйенсек, олардың арасында Корея Республикасының үш азаматы, бір сингапурлық азамат және Ұлыбританияның бір тұрғыны болған, қалғандары - Индонезияның азаматтары.

Кестеге сәйкес, QZ 8501 рейсін орындаған ұшақ сингапурлық Чанги әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 08:30-да жетуі тиіс болды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың наурыз айының басында «Малайзиялық әуе желілері» иелігіндегі Куала-Лумпур-Бейжің бағытындағы MH370 рейсін орындаған Boeing 777-200 ұшағы жоғалып кеткен еді. Оның ішінде 227 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болды. Ұшақпен байланыс оның Малайзия астанасынан ұшып шыққан сәтінен кейін шамамен екі сағаттан кейін үзіліп кеткен.

Соңғы жаңалықтар