Малайзиялық дипломды енді Түркістанда алуға болады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Малайзиялық дипломды енді Түркістанда алуға болады. Аталған елдің Taylor's университеті Түркістанда білім алатын студенттер үшін арнайы оқу бағдарламасын жасап, өз дипломын бермек. Бұл келісім Куала-Лумпурда өткен халықаралық бизнес-форум аясында Түркістан делегациясы мен Taylor's University басшылығы арасында жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы «Turkistan Invest» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, форум түркістандық делегаттардың Малайзияға жасаған роуд-шоуы барысында өтті. Малайзия университетінің бағдарламасы Түркістан облысында құрылысы биыл басталғалы жатқан Халықаралық туризм және сервистік қызмет колледжі студенттерінің оқу бағдарламасына енгізіледі. Онда халықаралық деңгейдегі білімді туризм және сервистік қызмет саласындағы болашақ мамандар алады.

«Дуалды оқыту жүйесінде бірден екі диплом алуға болады. Яғни, Халықаралық колледж түлектері оқуды тәмамдағанда аталмыш колледждің дипломын және Taylor's университетінің дипломын иеленеді. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де жұмыс табуға ерекше мүмкіндік береді»,- деді Түркістан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Түлебеков.

null

Қазіргі уақытта тараптар әріптестіктің егжей-тегжейін талқылап жатыр.

«Келіссөз барысында малайзиялық бизнес өкілдері туризм саласына инвестиция салуға қызығушылық танытты. Атап айтқанда, Түркістанда қонақүйлер мен хостелдер салу мүмкіндігі талқыланды. Малайзияның әлемде туризм бойынша көшбасшы елдер қатарында екені белгілі, сондықтан, біз өз тарапымыздан екіжақты тиімді ынтымақтастық құру мақсатында барынша қолдау көрсетіп, жағдай жасаймыз», - деді «Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы «Turkistan Invest» сыртқы байланыстар жөніндегі басқарушы директоры Баян Каюпова.

null

Айта кетейік, халықаралық бизнес-форумға 100-ден астам ірі малазиялық туроператорлар мен кәсіпкерлер қатысты. Түркістандық делегацияның өкілдері іс-шара қатысушыларына Түркістан облысының туристік мүмкіндіктерін таныстырды. Онда өңірдің тарихи-мәдени мұралары мен нысандары, емдеу-сауықтыру орындары, қысқа мерзімді турлар, жаңа қызықты маршруттар, қонақүйлер, демалыс аймақтары, инфрақұрылым мен сервистік қызметтің дамуы, жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалар көрсетілді. Таныстырылымдардан кейін екіжақты В2В форматында кездесулер өтті.

Соңғы жаңалықтар