+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Малайзиялық әуе компаниясы Қазақстанға жаңа рейстер ашады

2019 жылғы 23 қазан 10:31
Бөлісіңіз:
Малайзиялық әуе компаниясы Қазақстанға жаңа рейстер ашады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Air Asia» малайзиялық әуе компаниясы Қазақстанға жаңа рейстер ашуды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Хельсинки мен Алматы арасында жаңа әуе рейсі ашылады Иордания әуе компаниялары Қазақстанның 11 әуежайына тұрақты ұшатын болды 2020 жылдан бастап Минск - Ақтау әуе рейсі іске қосылады

ҚР Президентінің тапсырмасымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа халықаралық бағыттарды ашу және жаңа шетелдік әуе компанияларын тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Осы тапсырма негізінде Куала-Лумпур қаласында (Малайзия) ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті, ҚР-ның Малайзиядағы елшілігі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалалары әуежайлары мен «Эйр Астана» әуе компаниясы өкілдері бар қазақстандық делегация Air Asia компаниясының өкілдерімен кездескен. Малайзия тарапынан «Air Asia» компаниясының негізін қалаушы Датук Камарудин бин Меранун және AirAsia әуе компаниясының атқарушы директоры Беньямин Исмаил келіссөз жүргізді.


Air Asia - Азиядағы ірі және әлемдегі 13-ші бюджеттік әуе компания.

«Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Малайзия арасында «Air Asia» әуе компаниясының тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін талқылады. Малайзия тарапына әлемдік ірі қаржы орталықтарына Қазақстан арқылы 5-ші әуе еркіндігі бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды әуежайларына ұшу мүмкіндігі ұсынылды. «Ашық аспан» режімі Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларына таралады», - деп хабарлайды комитеттен.


Сонымен қатар, отандық әуежайлар өкілдері тұрақты рейстердің ашылуын ынталандыратын түрлі тетіктерді ұсынды. Өз кезегінде Датук Камарудин бин Меранун Еуропаның Рим, Милан, Ницца қалаларына және Нью-Йорк қалалары бойынша әуе еркіндігі бар Алматы қаласына тікелей рейс ашуға қызығушылық білдірді.

Сондай-ақ, Малайзияның Көлік министрлігі Азаматтық авиация департаментінің басшысы - мемлекеттік хатшы Мохамад Радзуан Мазланмен кездесу өтті. Келіссөз барысында малайзиялық әуе компанияларымен, соның ішінде Air Asia-мен әуе қатынасын кеңейту мәселелері талқыланды.

Малайзияның авиация билігі Қазақстанның екі ел арасында жаңа рейстерді ашу жөніндегі бастамасына толық қолдау білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT