Малайзиялық әуе кемесін іздеу аймағында ұшақтың болуы мүмкін сынықтары табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық ұшқыштар Air Asia әуе компаниясының жоғалған А-320 лайнерін іздеу аймағында судан кейбір нысандарды алып шықты.

Бұл туралы Джакартада Индонезия ӘҚК басшыларының бірі Дви Путранто хабарлады, деп ақпараттандырды РБК.

Оның айтуынша, бұл хабарлама іздеу-құтқару іс-қимылдарына қатысып жүрген австралиялық Orion ұшағының экипажынан келіп түскен. The Australian-нің хабарлауына қарағанда, бұл аймақтағы су бетінен май дақтары байқалған.

Путрантоның баяндауынша, ұшақтың болуы мүмкін сынықтары Калимантан аралынан солтүстікке қарай 160 шақырым жерде табылды. Бұл ұшақ экипажының соңғы рет байланысқа шыққан орнынан шамамен 1120 шақырым жерде.

Соңғы жаңалықтар