Малайзиялық Air Asia ұшағы Белитунг аралы маңындағы суға құлаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзиялық әуе компаниясының Air Asia ұшағы ауа райының қолайсыздығы салдарынан Белитунг аралының маңындағы суға құлаған, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, әуе диспетчерлік қызметі Малайзияның Air Asia әуе компаниясының индонезиялық Сурабая қаласынан Сингапурге ұшып шыққан ұшағымен байланысты жоғалтып алған. Джакартаның командалық-диспетчерлік пункті мен QZ 8501 рейсі арасындағы байланыс жергілікті уақыт бойынша сағат 06.17-де үзілді.

Индонезияның Көлік министрлігі өкілінің айтуынша, байланыс үзілместен сәл уақыт бұрын ұшақтың ұшқыштары бағыттарын өзгертіп ұшуға рұқсат етуді сұраған, деп жазады РИА Новости.

Кейбір БАҚ-тың мәліметтерінше, әуе көлігінің ішінде 162 адам болған. Ал Индонезияның Көлік министрлігі оның бортында 155 адамның болғандығы туралы хабарлайды. «Стрейтс таймс» газетінің электрондық нұсқасындағы мәліметтерге сүйенсек, олардың арасында Корея Республикасының үш азаматы, бір сингапурлық азамат және Ұлыбританияның бір тұрғыны болған, қалғандары - Индонезияның азаматтары.

Соңғы жаңалықтар