Малайзияда ірі су тасқынының салдарынан 80 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзияда күшті су тасқынының салдарынан 80 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Росбалт.

Табиғаттың дүлей күшінен ең көп Келантан штаты зардап шекті - ондағы 30 мыңдай адам уақытша паналау орталықтарына орналастырылды. Аймақтың кейбір өзендеріндегі су деңгейі қалыпты деңгейден бір метрден асады, көптеген көлік жолдары жабылған. Дүйсенбіден бастап бірқатар штаттарда теміржол қатынасы тоқтатылды.

Жақында Паханг штатындағы 100-ден астам туристің қонақүйден шыға алмай жатқаны хабарланды. Олардың арасында Канада, Германия және Франция азаматтары бар. Қауіпсіз жерге көшіру операциясы нөсер мен қалың тұман салдарынан тоқталды. Құтқару жұмыстарының 26 желтоқсан күні жалғастырылатыны күтілуде.

Елдің билік көздері бұл су тасқынын соңғы онжылдықта болған ең ірі табиғи апаттардың бірі деп атайды.

Соңғы жаңалықтар