Малайзияда газ құбырында жарылыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Малайзияның шығысында Сабах және Саравак штаттарының арасындағы газ құбырында жарылыс болып, соңы өртке ұласты, деп хабарлады ҚазАқпарат The Star газетіне сілтеме жасап.

«Газ құбыры аумағында жарылыс болғаны туралы ақпарат түсті, себептері әлі белгісіз», дейді жергілікті билік өкілдері. Оқиға орнына малайзиялық Petronas мұнай-газ корпорациясының өкілдері мен өрт сөндіру тобы аттанды.

Әзірге жарылыс салдарынан мерт болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.



Соңғы жаңалықтар