Малайзияда Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты жеке концерті өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «Stranger» шоуы әлемді шарлап жүр. 24 маусымда Куала-Лумпурде әншінің жеке концерті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Dimashnews.com.сайтына сілтеме жасап.

Шоу әйгілі Axiata Arena Bukit Jalil стаионында сағат 20:30-да басталады.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің «Stranger» шоуы 6-шы мамыр күні Түркияда Antalya Expo Kongre Merkezi-де өткен болатын. Шоуға әлемнің 44 елінен көрермендер келді. Түркиялықтар онда Димашқа өз елінің ұлттық аспабын сыйға тартты.


Соңғы жаңалықтар