Малайзия университеті қазақстандық түлектерге грант бөледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзиядағы Albukhary International University аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан түлектер үшін тегін білім алу мүмкіндігін ұсынады, деп хабарлайды «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы.

ЖОО жыл сайын Малайзияның үздік университеттерінің алдыңғы қатарында тұрады.

Университет аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттер үшін іскерлік әкімшілік бакалавриваты (Bachelor of Business Administration); маркетинг саласындағы бакалавриат (Bachelor of Business Administration in Marketing); адами ресурстарды басқару саласындағы бакалавриат (Bachelor of Business Administration in Human Resources) сынды бағдарламалар бойынша тегін оқу, тамақ және тұратын үй бөледі.

Құжаттар 2018 жылғы 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Байқауға 18-25 жас аралығындағы түлектер қатыса алады. Университетке қабылдау талаптары туралы мына сілтеме бойынша білуге болады.

Соңғы жаңалықтар