+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Малайзия королі ислам дінін қабылдаған «Мәскеу аруына» үйленді

2018 жылғы 27 қараша 18:25
Бөлісіңіз:
Малайзия королі ислам дінін қабылдаған «Мәскеу аруына» үйленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзия королі Туанку Мұхаммад V Келантан Сұлтан "Мәскеу аруы-2015" байқауының жеңімпазы болған 25 жастағы Оксана Воеводинаға үйленді.

Үйлену тойы 22 қараша күні Мәскеу түбіндегі Barvikha Concert Hall-да болды. Шараның алкогольсіз және халал тағамдармен өткізілгені атап өтіледі.

Малайзиялық Rakyatku News басылымының жазуынша, Оксана ислам дінін қабылдап, мұсылманша Рихана есімін алған. Желіде жарияланған фотосуреттердің бірінде Оксана-Рихана хиджаб киіп алған. Сондай-ақ үйлену тойынан кейін ресейлік жас әйел Малайзия патшайымының тәжін кие алмайтыны атап өтіледі. Бұл титулға тек байырғы малайзиялық әйелдер ғана ие бола алады.

Малайзия мемлекетін премьер-министр басқарған үкімет билейді.Корольдер бес жылға сайланады, қазіргі монарх елді 2022 жылға дейін басқарады.

Оксана Воеводина Мәскеудің бірінші сұлуы атағын 22 жасында алған. «Мәскеу аруы» байқауы 1994 жылдан бері өткізіліп келеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Ресей,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT