Малай инвесторлары ЭКСПО-2017 жобаларымен айналысатын қазақстандық ведомстволармен байланыс орнатуға мүдделі

None
None
АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Уақытша сенімді өкілі Данияр Сарекенов Малайзияның Сыртқы сауда және индустрия министрлігінің Бас хатшысы Дато Ребекка Ста Мариямен кездесті. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен даму перпективалары талқыланды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, тараптар кездесу барысында Куала Лумпурда өтуі тиіс Қазақстан-Малайзия Бірлескен сауда-экономикалық комитетінің 3-ші отырысын және Қазақстан-Малайзия Іскерлер кеңесінің отырыстарын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, 10 маусымда Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Малайзияның сыртқы сауданы дамыту агенттігінің (MATRADE) бас директоры Датук Вонг Лай Самның және шет елдерде жобаларды дамытумен айналысатын Малайзияның 20 құрылыс компаниялары басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткен болатын. Іс-шара барысында Малайзияның әлеуетті инвесторларына ЭКСПО-2017 көрмесінің таныстырылымы өткізілді.

Кездесу қатысушылары Астана қаласында жобаларды іске асыруға және ЭКСПО-2017 шеңберіндегі нысандарын салумен және тиісті инфрақұрылымдық жобалармен айналысатын қазақстандық ведомстволармен байланыс орнатуға қызығушылықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар