Малала Юсуфзай БҰҰ-ның ең жас әлем елшісі атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб пәтерінде ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш пәкістандық құқыққорғаушы Малала Юсуфзайды БҰҰ-ның әлем елшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды un.org .

Осыдан бес жыл бұрын тәлібтер Малалаға шабуыл жасаған болатын. Олар Малаланы қыздардың білім алу құқығын қорғағаны үшін өлтірмек болды. Басынан және мойнынан оқ тиген 14 жасар қыз денсаулығын қалпына келтірген соң да қыздардың білім алуын белсенді қорғауын жалғастыра берді.

«Мен Малаланы ұйым тарихында алғаш рет ең жас БҰҰ әлем елшісі ертінде тағайындағанымдымақтан тұтамын»», - деді Антониу Гутерриш салтанатты шара барысында.

Еске сала кетсек, 2014 жылы Малала Юсуфзай бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын алған болатын.  2015 жылы ол Бас Ассамблеяның мерейтойлық 70-ші сессиясында Рим папасынан кейін сөз сөйледі.
БҰҰ-ның әлем елшісі мәртебесі ұйымның жұмысына халықаралық қауымдастықтың назарын аудартуға келісімін берген өнер, музыка, ғылым, спорт және құқыққорғау салаларында жетістікке жеткен қайраткерлерге беріледі.

 

Соңғы жаңалықтар