Мал жаю ережесін бұзған 500-ден астам түркістандық айыппұл төледі

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 500-ден астам тұрғыны мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің ерекше бөліміндегі тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ету мақсатында Ішкі істер министрлігі белгілеген заңдылықтар бойынша осы жылдың 8 айында 1 727 құқық бұзушылықты анықтады.

Мәселен, Мақтаарал АПБ ЖПҚБ-нің учаскелік полиция инспекторлары үй жануарын жаю қағидасын бұзған 504 адамды анықтап, олардың әр қайсысына 3 айлық есептік көрсеткіш, яғни 9 189 теңгеден айыппұл салды.

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) – 112, 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) – 5, 423-бабымен (Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы) – 3, 200-бабымен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) – 1, 204-бабымен (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) – 46 заң бұзушылық анықталды.


Фото: polisia.kz


Соңғы жаңалықтар