+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.71 EUR 429.17
RUB 6.02 CNY 54.66
Jańalyqtar

Мал ұрлығы ауыр қылмысқа жатқызылуы мүмкін

2019 жылғы 11 қыркүйек 13:46
Бөлісіңіз:
Мал ұрлығы ауыр қылмысқа жатқызылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов ауыр қылмыстар үшін жазаны қатайтатын заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда интернет алаяқтыққа қатысты 276 оқиға тіркелді Қызылордада 8 млн теңгенің заттарын қолды еткен ұрылар ұсталды Алматыда өзін полицеймін деп таныстырған алаяқ ұсталды
«Жаңа заң жобасында мал ұрлығы бойынша жеке құрам енгізілген. Ұрлық, тонау, шабуыл әрекеттері ғимаратқа, қоймаға немесе көлікке басып кіру арқылы арқылы жасалған жағдайда жаза қатайтылады. Бұл қылмыстарды ауыр санатқа жатқызу көзделген. Яғни, ауыр қылмыс санатына жатқандықтан, ондай қалмыс жасағандар зардап шегушімен татуласу арқылы немесе зардаптың орнын толтыру арқылы жазадан жалтару мүмкіндігінен айырылады», - деген Марат Ахметжанов бұл ұсыныстарының себебін де түсіндірді.

«Қазақ бір-біріне «мал-жан аман ба» деп амандасады. Елімізде азаматтардың 40 пайызы ауыл төңірегінде тұрады. Мал - ауыл өмірінің тірегі, кірісінің көзі. Сондықтан мал ұрлығын қылмыстық топпен ұйымдасып жасаған жағдайда ол ауыр қылмыс санатына жатқызылады. Өйткені, мал ұрлығы кәсіпке айналған. Шығарып беретін біреу бар, соятын біреу бар, тасымалдайтын біреу бар, базарда сататын біреу бар, жалған анықтама алып беретін тағы біреу бар. Сондықтан, оны ауыр қылмысқа жатқызып отырмыз. Өйткені, мал ұрлығы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтар пайда болып отыр», - деді прокуратура өкілі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT