Мальтада басқыншылар ливиялық ұшақтың жолаушыларын босатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливиялық ұшақты басып алған басқыншылар лайнер Мальтаға қонған соң жолаушыларды босатты, деп хабарлайды Sky News Arabia телеарнасы.

Жолаушылардың нақты саны белгісіз. Экипаж басып алынған ұшақтың бортында қалады, деп атап өтті арна Twitter-дегі хабарламада.

Бұрын белгілі болғандай, Ливияда Себха-Триполи ішкі рейсін жасаған Afriqiyah Airways компаниясының ұшағы басып алынып, Мальтаға бағытталған. Алдын ала дерек бойынша, бортта 118 адамға дейін болуы мүкін. 

Соңғы жаңалықтар