Мальтада 118 жолаушы мінген ливиялық ұшақты басып алған болуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 118 жолаушысы бар Afriqiyah Airways ливиялық әуе компаниясының ұшағын басып алған болуы мүмкін, әуе кемесі Мальтаға қонды, деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.

Мальталық БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, ұшақты басып алған екі күдікті оны жарамыз деп қорқытқан. Әзірге олардың талаптары белгісіз. Басқа ақпарат бойынша, борттағы қарулы басқыншы оның талабы орындалса, жолаушыларды жіберуге дайын екенін хабарлаған.

Мальтаның премьер-министрі Джозеф Мускат өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында жазғандай, ливиялық ұшақты әлдебіреулер басып алғаны туралы ақпарат оған да жеткен.

Соңғы жаңалықтар