Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындары толық қуатында жұмыс істеп жатқан жоқ – Үкімет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары өндірістік қуатын толық пайдаланып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобалары жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай кәсіпорындар өндірістік қуатын толық пайдаланып отырған жоқ. Осыған орай ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ұсақ өндірушілер мен қайта өңдеуші кәсіпорындарды байланыстыратын дайындаушы ұйымдар желісін құруға ынталандыру қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Осы ретте Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы, Сауда министрліктері мен жергілікті атқарушы органдардың міндеті – өнімді өндіруші мен өңдеушіге дейінгі нарықтың барлық қатысушыларының интеграциясына жағдай жасау екендігін баса айтты.


Соңғы жаңалықтар