Мал саны артып келеді – АШМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы елімізде мал саны артты. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қабылданған іс-шаралардың арқасында мал шаруашылығында мал және құс басы саны тұрақты қарқынмен артып келе жатыр. Айталық, 2020 жылдың қорытындысында ірі қара мал басы 7,8 млн-ға жетті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5,6 пайызға көп. Қой мен еші саны 4,7, жылқы 10,1, түйе 5,2 пайызға көбейді. Соған орай мал шаруашылығы өнімдерін, атап айтқанда ет өндіру 4,3, сүт 3,2 пайызға артты», - деді министр.

Оның атап өтуінше, өткен жылы 48 сүтті-тауарлы ферма іске қосылды. Бұл сүт зауыттарының жүктемесін 75-тен 77 пайызға дейін арттыруға, сүт өңдеу көлемін 1 826 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік берді.

«Сонымен қатар 3 ет комбинаты пайдалануға берілді. Бұл ет өңдеу көлемін 15 мың тоннаға, 151 мыңнан 166 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік берді. 8 құс фабрикасы ашылып, ұйымдастырылған шаруашылықтардағы құс еті өндірісінің көлемін 222,7 мыңнан 235,6 мың тоннаға жеткізуге жол ашты», - деді Сапархан Омаров.


Соңғы жаңалықтар