Мал бордақылау алаңына субсидия алу талабы жеңілдейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қолданыстағы тәртіп бойынша мал бордақылау алаңын құруға кеткен инвестициялық шығынның бір бөлігіне субсидия алу үшін онда ұсталатын малдың саны 5 мыңнан кем болмауы керек. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі осы талапты 500 басқа дейін түсіруді ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 23 шілдеде бекіткен қағидалары бойынша, мал бордақылау алаңын құруға кеткен шығынның бір бөлігіне субсидия алу үшін нысанда ұсталатын ірі қараның немесе қойдың саны 5 мың бастан кем болмауы керек.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сарапшылары бұл тетікті өңірлерде енді аяқтан тұрып келе жатқан кәсіпкерлер үшін үлкен кедергі деп бағалаған. Сол үшін аталған қағидаға түзету енгізіп, «Мал бордақылауға арналған объектілерді құру және кеңейту» жобасының № 5 паспортына ірі қара малды біржолғы күтіп-бағу 500 басқа дейін, қойды да біржолғы күтіп-бағу 500 басқа дейін азайту жолымен» кәсіпкердің инвестициялық шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қажет деген нұсқау беріп отыр.

«Мәселе шешілу үстінде. Аталған тосқауылды агенттік мамандары ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен бірге пысықтап жатыр», - делінген Бәсекелестік қорғау және дамыту агенттігінің түсіндірмесінде.


Соңғы жаңалықтар