Мақтаралдықтар Қазақстан халқы Ассамблеясынан 180 тонна гуманитарлық көмек алды

None
None
МАҚТААРАЛ.ҚазАқпарат -13 мамыр күні Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Атакент ауылына су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін автокеруен келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚХА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

180 тоннаға жуық гуманитарлық жүк тиелген 16 ауыр жүк көлігін Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы күтіп алды.

#Мақтааралбізбіргеміз! және #ЖүрекЖылуы қайырымдылық шарасы аясында республика бойынша этномәдени бірлестіктер, Ассамблеяның жастары мен еріктілері, ҚХА мүшелері мен меценаттары қатысып, азық-түлік және гигиеналық қажеттіліктер, киім-кешек, құрылыс материалдары, басқа да тауарларды жинады.

Автокеруенді жөнелтуге қатысқан ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев акцияға атсалысқандарға алғысын білдіріп, бұл қолдау – ауызбіршілік пен Қазақстан халқы бірлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті.

Жалпы акция аясында Мақтаарал ауданының тұрғындарына 63 миллион 470 мың теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсетілді.

Ассамблея тарапынан қолдау көрсету жұмысы әлі де жалғасын табады.


Соңғы жаңалықтар