Мақтаралдықтар 650 мың тонна ақ алтын жинады - ОҚО

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда мақта теру науқаны күннен күнге қарқын алуда. Бүгінге дейін Мақтарал ауданының шаруалары 650 мың тонна ақ алтын жинап отыр.

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлайды. Маусым соңына дейін өңірде 265 мың тонна шитті мақта жинау межеленіп отыр. Ал бұл кезде аймақта астық жинау науқаны аяқталды. Облыста биыл 194 мың гектар алқапқа масақты дақыл егілді. Егілген масақты дақылдардан 371,5 мың тонна өнім жиналып, әр гектардан түсімділік 19,1 центнерді құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6,4 центнерге артық. Алынған өнімнің 30,2 мың тоннасы тұқымға, 152 мың тоннасы жемге бөлінсе, 171,4 мың тоннасы халыққа сатылды. Ал көкөністің отаны саналатын өңірде көкөніс пен бақша дақылдарынан бүгінге дейін 1912,5 мың тонна өнім жиналған. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 230 мың тоннаға артық. Аудан жемiс-жидек, жүзiм, бақша өнiмдерiнің ең үлкен өндiрушi және жеткiзушiсі болып табылады. Негiзгi өнiм түрi мақта, бидай, жемiс-жидек, бақша дақылдары болып келетін ауыл шаруашылық саласының басым бөлiгiн мақта шаруашылығы 65,2 пайызды құрайды.

Соңғы жаңалықтар