Мақтаралдағы көпір жарамсыз болып қалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Мақтарал ауданындағы Фирдауси мен Жеңіс ауылдарының арасын жалғайтын көпір жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қос ауылды жалғайтын көпір наурызда толассыз жауған жауынның салдарынан және жер асты суларының көтерілуіне байланысты жарамсыз күйге түсті. Тіреуіштері мен бетон арасы ажырап кеткен. Көліктің жүруіне қауіп төндіріп тұр.

«Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында көлік құралдары өтпеуі үшін аталған көпірдің жабылғандығын хабарлаймыз». Мақтарал аудандық әкімдігі осындай мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, наурызда тоқтамай жауған жаңбыр Мақтарал мен Жетісай аудандарының тұрғындарына қолайсыздық тудырды. Жауын-шашын мөлшері 16 күнде бір айлық нормадан 68%-ға дейін асып түсті. Осылайша қос ауданда аулалар мен көшелерді су алып кеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар