Мақтаралда 3 газ тарату стансасы салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2026 жылы Түркістан облысында 722 елді мекен газдандырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында осындай ақпарат берді.

«2021 жылдың 1 қаңтарына облыстың табиғи газбен қамтамасыз етілуі 64,4% немесе шамамен 1,3 млн адам табиғи газбен қамтамасыз етілген. Ұсынылған кешенді жоспар аясында Созақ ауданындағы автоматтандырылған газ тарату станциясынан магистральдық газ құбырын және Мақтаарал ауданында 3 автоматтандырылған газ тарату станциясын салу, сонымен қатар елді мекендерге газ тарату желілері мен газ жеткізу құбырларын салу жоспарлануда», -деді Нұрлан Ноғаев.

Министрдің айтуынша, жергілікті әкімдіктің жоспары бойынша 2026 жылға қарай газдандырылған елді мекендердің санын 423-тен 722-ке дейін ұлғайту көзделген.

Бұл халықты газбен қамту 1 млн 274 мың тұрғыннан 1 млн 720 мың тұрғынға дейін жетеді деген сөз.

«Бұл өңірді газдандыру деңгейін ағымдағы 64,4%-дан 85,4% дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Әкімдік бұл көрсеткішке бюджеттік бағдарламалар шеңберінде және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты және басқа да инвестиция есебінен қол жеткізуді жоспарлап отыр», - деді Энергетика министрі.


Соңғы жаңалықтар