Мақтарал тұрғыны есірткі өсіремін деп істі болды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Мақтарал аудандық полиция бөліміне шұғыл ақпарат келіп түскен. Онда жергілікті тұрғынның бірі ауласында «есірткі сорасын (марихуана) өсіріп, баптаумен айналысатындығы айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпараттың анық-қанығын тексеру мақсатында, аудандық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Мақтаарал АПБ-нің тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел іс-шаралар жүргізу барысында жергілікті тұрғынның үйі анықталды. Күдіктінің тұрғын үй ауласын қарап, тінту барысында үй алдындағы сарайдың артында, өсіп тұрған 2 түп есірткі затына ұқсас жасыл түсті өсімдігі мен кептірілген түрлері, қолданған құралдары тәркіленіп алынды.

Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда, аталған есірткі затын қандай мақсатта өсіргендігі анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар